«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Президент Жолдауын талқылау

2019 жылдың 9-қыркүйегі  күні Заң пәндері кафедрасында  ЮҚТ-19-01 тобы (куратор Байболатова Ф.Т.) және ЮҚ-19-01 тобы (куратор  Ибраева А.О.) студенттерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2-қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауын талқылауға арналған тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатына бірінші курс студенттері белсене қатысты. Бұл талқылауды өткізудің мақсаты – студенттерді Президент құрған алдағы жоспарлармен, мақсаттармен таныстыру болды. Берілген Жолдауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді дамудың жаңа кезеңіне шығару үшін Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізілетінін, Қазақстан жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келе жатқанын, Қазақстанды дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын  атап өткендігін студенттер қызу талқыға салды.