«Тәрбиелі жас – парасатты азамат» республикалық форумы

2022 жылдың 15 сәуірінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова, ЖІК төрағасы А. Шакенова, ЕАГИ студенттік парламентінің президенті А. Абильдина Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетовтың қатысуымен өткен «Тәрбиелі жас – парасатты азамат» республикалық форумына қатысты. Форум барысында қазіргі замандағы тәрбие жұмысының басым бағыттары, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын насихаттаудағы студенттік өзін-өзі басқару органдарының рөлі талқыланды.