«Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім!»

2015 жылдың 14 желтоқсанында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Астана қаласы жоғары оқу орындарының белсенді студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік-тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты Студенттер форумы болды. Осы форумға институтымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Бәшіров Нұрбол қатысып, «Тәуелсіздік елім – мақтанышым» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ,  3-курстың белсенді студенттері қатысты.