ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА БІРГЕМІЗ

Тәуелсіздік күніне  орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жолында біргеміз» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Аслан Есімханұлы Алимбаев баяндама жасап, жиынға қатысушыларды ең қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сондай-ақ, жиынға қатысушы белгілі ғалымдар мен мектеп мұғалімдеріне қазақ және орыс филологиясы кафедрасының филиалы орналасқан білім ордасының басшысы Зәуре Жақанқызы «Алғыс хаттар» табыстады.