«Тәуелсіздіктің жеті қыры: Елдіктің бастауы» тақырыбындағы кураторлық сағат

2020 жылғы 20 қараша ИЯК-17-02 (куратор Умбетова К.Е.) және ИЯК- 17-01 (куратор Есимова А.Қ.) топтарында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай кураторлық сағат өтті. Студенттер мен кураторлар Zoom платформасында «Тәуелсіздіктің жеті қыры: Елдіктің бастауы» атты деректі фильмді тамашалап, өзара ой бөлісті.