«Таза сессия»

Еуразия гуманитарлық институтта тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, оқу-білім беру үдерісіне қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ділін қалыптастырудағы әртүрлі тәсілдер, нысандар мен әдістер, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін заңдық жауапкершілік мәселелері бойынша құқықтық білімді оң қабылдау, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің, заңды және әлеуметтік пайдалы мінез-құлықтың пәрменді және қазіргі заманғы модельдерін насихаттау бағытындағы белсенді азаматтық ұстаным әзірленіп, көрсетілді және табысты іске асырылды.

ЖОО-ның академиялық адалдықты, парасаттылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты әртүрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, институтта «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штаб жұмыс істейді.

Жазғы сессия барысында Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті, студенттер Парламенті және «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубы ЕАГИ академиялық топтарының студенттері арасында «Таза сессия» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың тиімді және пәрменді алдын алуға бағытталған шараларды нығайту, сондай-ақ ЖОО-да кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау, соттау және айыптау атмосферасын құру.