Тіл – ұлттың жаны

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт тұрады. Олар әр түрлі тілде сөйлейтініне қарамастан, бір-бірімен достық қарым-қатынаста. 22 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні мереке ретінде аталып өтуі кездейсоқ емес.

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 21 қыркүйекте «Педагогика және психология» мамандығының 1-курс студенттері  доцент Р.А. Казина және аға оқытушы Р.Н. Кемеңгеровтің жетекшілігімен «Тіл – ұлттың жаны» атты ресми тілде әдеби-музыкалық композициялық кеш өткізді.