Құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2020 жылғы 9 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен «Жаңа шынайылық жағдайында Қазақстанның қаржы-кредит жүйесін жаңғырту» студенттік ғылыми жобалардың халықаралық конкурсында ІІІ орын алған құрамында Сейдіхан Альмира, Жалмышева Дайана, Көпжасар Анель сынды студенттер бар «Қаржы» мамандығының командасын құттықтайды. Команда жетекшісі – аға оқытушы, магистр Даулетханова Жанар Дәулетханқызы. Жаңа жеңістер тілейміз!