Құттықтаймыз

Халықаралық еріктілер күніне орай «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы аясында Жастар еріктілер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Анна Вагурина («Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы), Жандос Ақтаев («Құқықтану» мамандығы), Ислам Кәрім («Аударма ісі» мамандығы) сынды ерікті студенттер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды. Біздің еріктілер қозғалысының көшбасшыларын, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға өз уақытын, күшін және махаббатын өтеусіз беретін ЕАГИ-дің барлық студенттерін Халықаралық еріктілер күнімен құттықтаймыз!