Құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы ғылым, білім және тәрбие саласындағы еңбектері үшін академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департамент директоры, ф.ғ.к., профессор С.Б. Загатованы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы алтын медалімен, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары С.Д. Коховичті, тіркеу бөлімінің бастығы Қ.Т. Байжұманованы, шетел тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, п.ғ.м., доцент Г.У. Аренованы және з.ғ.м., заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы Г.Е. Мусынованы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А. Байтұрсынов атындағы күміс медальдарымен марапатталғандарымен құттықтайды. Алдағы кәсіби қызметтеріңізге табыс, зор денсаулық және амандық тілейміз!