ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2022 жылдың 20-22 сәуірінде Павлодар педагогикалық университеті базасында өткен түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орайластырылған ХІV Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында жүлделі II орын алған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы тобын құттықтайды. Топ мүшелері «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Айғаным Кабдрахман, Айжан Бұғыбай және 3 курс студенті Арайлым Қойшығарина. Топ жетекшісі – философия докторы (PhD), доцент Аслан Есімханұлы Әлімбаев.

Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!