«XVI Сатпаев оқулары» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушылары арасында өткен халықаралық ғылыми конференцияға табысты қатысуларымен құттықтаймыз

Біздің институтымыздың 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚТӘ-15-01 тобының студенті Мұхитбек Мадина және ҚТӘ-3-14 тобының студенті Сыздықова Меруерт С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткен «XVI Сатпаев оқулары» атты жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушылары арасындағы халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша Мұхитбек Мадина ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі п.ғ.м, аға оқытушы Райнбекова Г.С.). Сыздықова Меруертке конференция жұмысына белсенді қатысқаны үшін сертификат табысталды (ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Шормақова А.Б.). Біздің студенттерімізді құттықтап, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!