«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған қонақ дәрістері

2022 жылдың 24 наурызынан 1 сәуіріне дейін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, полиция майоры Р.Қ. Жұмахметов ынтымақтастық туралы меморандум ережелерін орындау мақсатында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін келесі тақырыптарға қонақ дәрістерін өткізді:

  • «Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді электрондық форматта жүргізу»;
  • «Қылмыстық процестің үш буынды моделі»;
  • «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін тергеп-тексеруді ұйымдастырудың өзекті әдістері мен құралдарын қолдану».