Ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық онлайн конкурсы

2021 жылдың 13 желтоқсанында «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Макашева Каусар Нурболатовна «Психология ғылымдары» бағыты бойынша «Үздік зерттеу жұмысы 2021» халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына онлайн қатысып, I дәрежелі дипломға ие болды. Жұмыс тақырыбы: «Балаларды мектепке дейінгі мекемеге бейімдеудің кейбір жаңа тәсілдері»; ғылыми жетекшісі: әл.ғ.м., педагогика кафедрасының доценті Аязбаева Әсемгүл Темірханқызы. Ғылыми-білім беру платформасы: https://sciencen.org/novaja-nauka-konkursy/arhiv-konkursov/ Петрозаводск қ. (РФ).

Ғылыми жұмыс «Жаңа ғылым» ҰҒМО-да жарияланған, eLIBRARY ID ғылыми электрондық кітапханасында орналастырылған: 47418856 сілтеме https://elibrary.ru/item.asp?id=47418856.