«Жұмабай Шаяхметов – көрнекті мемлекет қайраткері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция

2021 жылдың 16 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында педагогика кафедрасының оқытушылары Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.

Конференция Қазақ КСР-інің экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның мемлекет және партия жетекшісі Жұмабек Шаяхметовтың (1902-1966) өмірі мен қызметінің негізгі аспектілерін талқылауға арналды.