Жұмыс берушілермен кездесу

2016 жылдың 15 маусымында Еуразия гуманитарлық институтының конференц-залында «Заңтану» мамандығының бітіруші студенттерінің Астана қ. ІІД өкілдерімен кадрлық жұмыс бойынша кездесуі өтті. Кездесу барысында Астана қ. ІІД кадрлық жұмыс басқармасының ерекше тапсырысы жөніндегі аға инспекторы Бекенова Жанар Косымбаевна бітіруші студенттерге ішкі істер органына жұмысқа тұрудың шарттары туралы айтты. Аудиторияның көптеген сұрақтарына тергеу бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Омарханов Бахытжан Салиханович жауап берді. Ол біздің қыздарымыз бен жігіттерімізді Астана қ. тергеу бөліміне жұмысқа шақырды. Бірақ ол үшін міндетті түрде маңызды этаптар мен рәсімдерден өту керек (медициналық комиссия, әңгімелесу, дене нормативтерін тапсыру).

Бұл кездесудің, ІІО қызметкерлерінің қатарын толықтыратын, біздің түлектерімізге өте пайдалы болғанына сенімдіміз.

Полиция органдарындағы жұмысқа қызығушылық танытқандар, келесі байланыс телефондарына хабарласа аласыздар: 8-778-169-3044, 71-63-88, 71-60-94.