Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті

2023 жылғы 20 қаңтарда Ғылыми-редакциялау бөлімінің ұйымдастыруымен Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті. Жиынды бөлім басшысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Аязбаева Әсемгүл Темірханқызы жүргізді. Кеңесте 2023 жылдың жоспары талқыланып,  жас ғалымдар кеңесін жандандыру, жас ғалымдарды қолдау, институттың ғылыми әлеуетін арттыруда жас ғалымдардың рөлі, өзге ЖОО-лармен Жас ғалымдар кеңесі байланысын арттыру мәселелері қарастырылды.