Жастар ісі жөніндегі комитеттің онлайн отырысы

2020 жылдың 10 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институты Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Н.Т. Тырнахан мен көшбасшы студенттер жаңа оқу жылына арналған алдағы жоспарларымен бөлісу үшін институттың бірінші курс студенттері және комитет белсенділерімен ZOOM платформасында онлайн жиналыс өкізді. Онлайн кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларымен таныстыру өткізіліп, ішкі мерекелік іс-шаралар, дәстүрлер туралы сөз болды.

Қатысушылардың назары ЕАГИ-дің ЖІК-інде іс-шаралар ұйымдастырудың ерекшеліктеріне аударылды, мұнда студенттер болашақта өздерінің шығармашылық жолдарын дамытып, белсенді болуға, институттың қоғамдық жұмыстарына ат салысу, кез-келген студенттердің туындаған ойларына қолдау көрсетілетіндігі туралы айтылды. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты.