«Желтоқсан арманы – Тәуелсіздік тандары» тақырыбындағы ашық сабақ.

2019 жылдың 13 желтоқсан күні, Ик 18-01 тобы және аға окытушы Еслямова А.З. жетекшілігімен, Экономика кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған «Желтоқсан арманы – Тәуелсіздік тандары» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер, Желтоқсан оқиғасы туралы көптеген мәліметтер берді. Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсетті. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен, сол үшін құрбан болған жастардың ерлігін атап өтті. Желтоқсан оқиғасына арнап өлең окылып, деректі фильм, көрініс көрсетілді.