«ЖОО-да БҚШ студенттермен оқу процесін ұйымдастыру» онлайн-вебинары

2020ж. 4 мамырда педагогика кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева және «Асыл жүрек» волонтерлер клубы ZOOM онлайн-платформасында «ЖОО-да БҚШ студенттермен оқу процесін ұйымдастыру» атты онлайн-вебинарға қатысты.

Олар вебинарды бар ынтасымен тыңдады, ақпарат мазмұны пайдалы болды. Ұйымдастырушы және спикер, ҚР ЖОО-лары үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры З.А. Мовкебаеваға алғысымызды білдіреміз.