Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Астана қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.

Ағымдағы жылдың 27-28 наурызында Астана қаласының «Marden» бизнес орталығының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – риторика маманы Аманбек Толқын және психология маманы Шакимова Лола Сергеевна  семинар оқыды.

Аманбек Толқын «Эффективная коммуникация. Конфликтология» тақырыбы аясында қатысушыларға тиімді қарым-қатынас орнату және конфликттермен жұмыс істеу үшін пайдалы құралдарды ұсынды. Сондай-ақ, дәріс тақырыбына сәйкес практикалық жағдайлар мен өмірлік мысалдар арқылы нәтижеге қандай факторлардың әсер ететінін көрсетуге көмектесті

Шакимова Лола Сергеевна «Осуществление психокоррекционной деятельности с адептами ДРТ» және «Инновационные технологии вербовки, применяемые лидерами ДРТ» тақырыптарымен қатысушыларға деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмысын қалай жүргізу керектігін, олардың сыни ойлауын, эмоционалдық тұрақтылығын және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру практикасын жүргізді. Сонымен қатар, осы тақырыптар аясында ДДА әсерінен шығу кезеңдері қарастырылып, диагностика жүргізу тәсілдері түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.