«Тіл-достық құралы» атты апталықтың іс –шаралары өтті
Шетел тілдері кафедрасының филиалы №72 мектеп-лицейінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы студенттерінің қатысуымен «Тіл-достық құралы» атты апталықтың іс –шаралары өтті
17-22 қыркүйек аралығында №72 мектеп-лицейінің 1-11 сыныптары аралығында «Тіл – достық құралы» атты апталықтың іс-шаралары өткізілді. Іс-шараның мақсаттары: оқушыларды тіл құндылықтарын сақтауға, қадірлеуге баулу, оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу, үштілділікті дамыту.
Апталықта көптеген тәрбие сағаттары, байқаулар, сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар сыныптар арасында бейнеролик, презентация, сурет-коллаж байқаулары болды. Барлық сыныптар белсенді атсалысты. Еуразия гуманитарлық институты шетел тілдері кафедрасының студенттері Алия Дүкеева, Жадыра Елеубек, Айнұр Асылбекова және Бердігүл Озат кураторларымен бірлесіп «Тілімізді құрметтейік» деген тақырыпта тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағаты дебат, пікірсайыс түрінде болды.
28 қыркүйек күні №72 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Л.Доланованың және Еуразия гуманитарлық институты шетел тілдер кафедрасы стденттерінің жетекшілігімен «Тіл – достық құралы» атты апталықтың қорытындылау кеші өтті. Кеште 9-шы сыныптар (9 «а», «ә», «б», «ғ», «г», «е») өз үлестерін белсенді түрде қосты. Кеш үш тілде өткізілді, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізушілер өздерінің сөйлеу дағдыларын дамытты. Іс-шара соңында мектептің ұланбасы кешті өткізген ұйыдастырушыларға және қатысушыларға өзінің алғысын білдірді.