«ХХI ғасыр педагогының бүгінгі күндегі келбеті» тақырыбындағы дөңгелек үстел
«Асыл қазына» ғылыми-тәрбиелік үйірмесінің мүшелері ұстаздар күні қарсаңында «ХХI ғасыр педагогының бүгінгі күндегі келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел қонақтары ретінде Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасы филиалы ашылған Астана қаласы №32 мектеп-гимназиясының жас мұғалімдері қатысты. Алғы сөз кезегі педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сәрсекеев Бауыржан Сапарұлына берілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты ретінде «ХХI ғасыр педагогының құзыреттілігін көтеру мәселесі талқыланды».