Оқуға түсушілерге арналған ақпарат
Қабылдаудың үлгілік қағидалары
ЕАГИ қабылдау қағидалары
Шекті балл
ЕАГИ түсу үшін қажетті негізгі құжаттардың тізімі
Оқу ақысы
Емтихандарды өткізу кестелері
CALL-CENTER
Виртуалды қабылдау комиссиясы
Жатақхана
Астана қаласының әкімдігі А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында кадрлар даярлауға 2025 жылғы қабылдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын (ЖАО ГРАНТТАРЫ) келесі педагогикалық мамандықтар бөлінісінде орналастырды:
№ |
Білім беру бағдарламалары тобының атауы | Бөлінген грант саны | Бейінді пәндер | |
қазақ тілінде оқыту | орыс тілінде оқыту | |||
1 |
Педагогика және психология |
– |
5 |
Биология; География |
2 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
5 |
5 |
Биология; География |
3 |
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
10 |
10 |
Биология; География |
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың талапкерлері үшін 2025 жылғы 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілген ҰБТ сертификаты негізінде, шекті деңгейден төмен емес балмен (75 балл, бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл) жүзеге асырылады.
Талапкерлерге ай сайынғы шәкіртақымен тегін жоғары білім алуға және кейіннен Астана қаласында кепілдендірілген жұмысқа орналасуға үміткер болу мүмкіндігі беріледі.
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына қош келдіңіздер!
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (ЕАГИ) – астананың зияткерлік және білім беру орталығы, еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби құзыреттерге, инновациялық тәсілдер мен зерттеу дағдыларына ие жоғары білікті кадрларды даярлауда қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
ЕАГИ 1995 жылы құрылған және бүгінгі күні ол еліміздің үздік мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының қатарына кіреді.
Институт қызметінің басты бағыты-қазіргі кәсіби қызмет жағдайында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау.
ЕАГИ-де оқу бакалавриат кадрларын даярлаудың келесідей бағыттары бойынша оқытудың күндізгі нысаны (орта білім беру базасында), сондай-ақ күндізгі қысқартылған оқыту нысаны (техникалық және кәсіптік білім беру базасында, жоғары білім беру базасында) бойынша беделді және сұранысқа ие білім алуға мүмкіндік береді:
6В011 – «Педагогика және психология» (Педагогика және психология)
6В012 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» (Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)
6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» (Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі)
6В016 – «Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау» (Тарих)
6В017 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Қазақ тілі мен әдебиеті)
6В017 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» (Шетел тілі: екі шетел тілі)
6В023 – «Тілдер және әдебиет» (Аударма ісі)
6В041 – «Бизнес және басқару» (Қаржы)
6В042 – «Құқық» (Құқықтану)
Барлық бағыттар бойынша шетел тілін тереңдетіп оқыту мүмкіндігі қарастырылған.
«Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігімен берілетін БІЛІМ БЕРУ КРЕДИТІ