ЕАГИ туралы

ЕАГИ-де оқу күндізгі және күндізгі қысқартылған оқу нысандары, сондай-ақ қысқартылған мерзім бойынша бакалавриаттың: Мектепке дейінгі оқу және тәрбие; Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі; Педагогика және психология;  Тарих; Қазақ тілі мен әдебиеті; Құқық және экономика негіздері; Шетел тілі: екі шетел тілі; Аударма ісі; Құқықтану; Қаржы  мамандықтары бойынша маңызды әрі қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

Институтта жоғары білікті 121 оқытушы жұмыс істейді. Олардың арасында 6 ғылым докторы, PhD-доктор мен профессорлар 8, 48 ғылым кандидаты, доценттер бар. Оқытушылардың көпшілігі АҚШ, Германия, Ресей және басқа елдерде тәжірибе жинақтаған; ҚР Президенті әкімшілігінде, Парламентте, Конституциялық кеңесте, Жоғарғы сотта, Әділет министрлігінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінде  және білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін басқарушы-мамандар бар.

Еуразия гуманитарлық институты өзіндік инновациялық әлеуетке ие. Қазіргі уақытта институт ғалымдары ғылымның түрлі салаларынан жобалар әзірлеп, іске асыруда:

  • жетім балаларды тәрбиелеу мен дамытуды психологиялық қолдау;
  • жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеудің психологиялық аспектілері;
  • құзыреттілік келіс жалпы білім беретін мектептерге арналған жаңа буын оқулықтарын дайындаудың негізі ретінде;
  • XX-XXI ғғ. Қазақстандағы тарихи-мәдени үдерістер;
  • мұғалімдерді кәсіби даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және педагогикалық технологиялар;
  • Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ақша-қаржы саясаты: теориясы, әдіснамасы, іске асыру жолдары;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласындағы гендерлік теңдікті қалыптастыру жағдайындағы адам капиталы;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың тиімді жолдарын қалыптастыру;
  • шет тілдерін оқытудағы жалпы білім беру үдерісінің әдіснамалық негіздері;
  • қазақ және орыс филологиясының өзекті мәселелері: теория, практика, интеграция және перспектива.

Қазіргі уақытта А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты келесі бағыттар бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде:

  • білім беру саласы, мемлекеттік және бизнес-құрылымдар үшін мамандар даярлау және қайта даярлау;
  • ЕАГИ колледжінде арнайы орта білімі бар мамандар даярлау;
  • ғылыми білімді интеграциялау (пәндік мазмұн мен түрлі ғылыми әдістерді және интеграциялану үдерісіне қосылған жекелеген ғылымдардың әрқайсысының неғұрлым күрделі теориялық және практикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін ғылыми пәндердің синтезі);
  • институттың әлемдік сапа стандартына өтуі.

Институт қызметінің басты бағыты – қазіргі кәсіби қызмет жағдайында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлау.

Институтта  2001-2012 жж. Ақмола облыстық білім саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру институтының бөлімшесі жұмыс істеді. Сол кезеңде 1502 адам (тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын және француз тілдері, география және биология мұғалімдері, әдіскерлер, психологтер, әскери нұсқаушылар – қазақ және орыс тілдерінде) біліктіліктерін  көтерді.

ЕАГИ  Қазақстан Республикасы Білім мекемелері қауымдастығының мүшесі болып табылады. 2010 ж. Тараз декларациясына қол қойды. 2014 ж. «Қазақстандық ашық консорциум» құрамына кірді.

Институттың Смоленск мемлекеттік университеті, Волгоград мемлекеттік университеті, Вятка мемлекеттік университеті, Одинцов гуманитарлық институты, Тюмень мемлекеттік университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті (Ресей), Халықаралық CONCORDE академиясы (Франция), ТМД елдеріндегі мамандарға арналған инстернационалды біліктілікті көтеру орталығы (Дюсельдорф қаласы, Германия), Грузин ұлттық университеті SEU (Грузия),  Университет Карабюк Университеті (Түркия), Токат Газиосманпаша Университеті (Турция), Таллин университеті (Эстония), Баку Еуразия университеті (Әзербайджан), Шяуляйск университеті (Литва), М. Танка атындағы Белорусь мемлекеттік педагогикалық университеті,   Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Х.Досмұхаметов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Қарағанды заң университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті сияқты оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатылған.

ЖОО-ны тиімді басқару және ұжымды келешек дамуға жұмылдыру үшін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 2023-2027 жылдарға арналған Даму стратегиясы, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 2021-2025 жылдарға арналған Тәрбие жұмысы және жастар саясаты бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда.

Институт жанында Жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді. Оның мүшелері түрлі конкурстарға, халықаралық, республикалық, ЖОО аралық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысады.

Институтта ҚР БҒМ-ның Білім мен ғылым саласын бақылау комитеті мақұлдаған ғылыми басылымдар тізбесіне енген «Еуразия гуманитарлық институты хабаршысы», «Қазақ білім академиясының баяндамалары» ғылыми журналдары белгіленген мерзімде тұрақты шығып тұрады.  2012 жылы ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы «ЕАГИ хабаршысы», «ҚБА баяндамалары» ғылыми журналдарына халықаралық сериялы стандартты нөмірлер берді. Институтта 1999 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген  көп таралымды «Жас ұрпақ» шығып тұрады.

Институтта жыл сайын ғылыми-практикалық, әдістемелік, студенттік конференциялар, симпозиумдер, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады;  институт жыл сайын қалалық, мәдени-көпшілік, спорттық шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады. Институттың заманауи жабдықтармен жарақтандырылған өз оқу ғимараттары; Бурабай кентінде демалыс аймағы, спорт кешені, кітапханасы және студенттік кафесі бар. Институтта медициналық қызмет көрсету, студенттердің тамақтануын қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Институт түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие, көпшілігі ЖОО-дан кейін Қазақстанның, алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастырады.


Білім беру бағдарламалары мен білім беру траекторияларының тізімі

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын бакалавриат мамандықтары бойынша 2019 жылы бітірген ЖОО түлектерінің тізімі
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын бакалавриат мамандықтары бойынша 2020 жылы бітірген ЖОО түлектерінің тізімі
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын бакалавриат мамандықтары бойынша 2021 жылы бітірген ЖОО түлектерінің тізімі
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын бакалавриат мамандықтары бойынша 2022 жылы бітірген ЖОО түлектерінің тізімі
Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын бакалавриат мамандықтары бойынша 2023 жылы бітірген ЖОО түлектерінің тізімі


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттары


ЕАГИ-дің  нормативтік құжаттары