Студент-тарихшылар практикаға дайындалуда
Педагогика кафедрасының оқытушылары оқу үдерісіне заманауи педагогикалық технологияларды белсенді түрде енгізеді. Бұған дәлел, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Бахиқызы Сүлейменова 5В011400 «Тарих» мамандығының білім беру бағдарламасының 3-курсында командалық әдісті қолданды. Өндірістік практика алдында болашақ тарих пәнінің мұғалімдері командаға бөлініп «Ежелгі Америка» тақырыбы бойынша сабақ өткізді.