«Психокоррекциялық ситуациялар: себептері мен шешімдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді
2017 жылғы 16 қазанда аға оқытушы Турманова Ж.Е. «ППК-14-01» тобында «Жеке және топтық психокоррекция негіздері» пәнінен «Психокоррекциялық ситуациялар: себептері мен шешімдері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Семинар-тренинг барысында интерактивті оқыту әдістері ретінде кейс-стадиялар, рөлдік ойындар қолданылды. Семинар-тренингте «Психокоррекциялық ситуациялар туралы түсінік» , «Психокоррекциялық ситуациялардың әртүрлілігі», «Психокоррекциялық ситуацияларды шешудегі пәнаралық байланыс» сияқты тақырыптар қарастырылды.
Сабаққа қатысқан педагогика кафедрасының меңгерушісі Сәрсекеев Б.С. мен доцент Аязбаева А.Т. семинар-тренингтің жоғары деңгейде өткендігін, студенттердің белсенді қатысқандарын айтып, қорытындылады.