ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде және ғылыми шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мақсатында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстиеті тіл және әдебиеті кафедрасының меңгерушсі филология ғылымдарының кандидаты, доцент Биғайша Зейнуллақызы Ахметова 01.11.2017 және 11.11.2017 ж.ж. аралығында институтымыздың 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне «Шетел әдебиетінің тарихы» пәні аясында «Орыс әдебиетінің қалыптасуы» тақырыбы бойынша 2 кредит көлемінде дәріс оқып жатыр.