ЭТНОГРАФ-ҒАЛЫМ ДЬЁРДЬ АЛМАШИ

Халықаралық Түркі академиясы Венгрияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп, 2017 жылғы 5 желтоқсан күні белгілі Мажар шығыстанушысы, саяхаттанушы, этнограф-ғалым Дьёрдь Алмашидің туғанына 150 жыл толуына орай дөңгелек үстел және фотосурет көрмесін ұйымдастырды. Д.Алмаши  ХХ ғ. басында Орталық Азияның Іле өзені, Ыстықкөл және Тянь Шань тауы өңірлеріне экспедиция ұйымдастырып, зерттеулер жүргізген.

Ғалымның өмірбаяны мен мұрасына арналған жиынға Венгриядан келген түркітанушы ғалымдар Давид Шомфаи Қара мен Иштван Шанта қатысып, өз зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Шараға танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, дипломаттар және түркітанушы-ғалымдармен қатар институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.М. Қоқышева, академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар мәселелері жөніндегі үйлестіруші, ғылым магистрі А.Т. Сандыбаева және қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. А.Е. Алимбаев қатысты.