ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ АЛАШ ИДЕЯСЫ

Желтоқсан айының 11-і күні Астана қаласындағы № 48 мектеп-лицейінде «Тәуелсіздік және алаш идеясы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының филиалы орналасқан оқу ордасында өткен жиында кафедрамыздың профессоры,  филология ғылымдарының докторы, алаштанушы ғалым Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кемеңгер Қайырбек Ризабекұлы қатысты.

Мектепке таяу күндері ұлттың рухани көмесі Ахмет Байтұрсынұлының аты бұйырмақ. Қуанышты хабарды оқу орнының директоры Садықова Зәуре Жақанқызы мәлімдеді. Алаштың рухани көсемінің есімін алу үшін мектеп ұжымы көп жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Келешекте мектепте Ахаңа арналған музей ашу жоспары бар.

Тәуелсіздік күні қарсаңында болған жиынды директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алтын Момынқұлова ұйымдастырды. Жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер жиналған кездесуде Алаш тағылымының Тәуелсіздікпен сабақтастығы айтылды.