ЕАГИ-де Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы талқыланды
Қазақстандықтардың басты құндылығы және елдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің факторлары тұрақтылық пен қоғамдық келісім болып табылады. Мемлекет басшысы осыны өз жолдауында атап өтті. Еуразия гуманитарлық институтында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Президент Жолдауын талқылау мен түсіндіру бойынша бірыңғай тематикалық күн аясында Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Ректор А.Қ. Құсайынов ЖОО-дарының инновациялық қызметке өтулері туралы тапсырма уақытында берілгендігін және Президент Жолдауында мемлекет дамуының алдағы векторы белгіленгенін атап өтті. Сонымен қатар ректор өз сөзінде, әлемді ғаламдық технологиялар біріктіретін кезде, біздің еліміз уақытпен бірге алға жылжуы керек екендігін айтты.
Тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова Жолдау, балабақшадан докторантураға дейінгі барлық жастағы азаматтарды қамтитын, білім беру жүйесінің сұлбасын нақты белгілейтінін атап өтті.
Академиялық мәселелер мен аккредиттеу жөніндегі департаменттің директоры, ф.ғ.к., профессор С.Б. Загатованың пікірінше, Мемлекет басшысы біздің өзгерістер қарсаңында тұрғанымызды, егер қазір әлемдік беталысқа әрекет етпей, технологиялар трансфертін бастамасақ, онда алға өрлеуден қалып қоюымыз мүмкін деп әділетті айрықша баса айтты. Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Б.С. Сәрсекеев, жетекші басымдылық білім берудің жаңа сапасы болып табылатынын атап, Жолдаудың жетінші пунктіне ерекше назар аударды. Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Л.В. Волкова негізгі басымдылық – жаңа білімді үнемі игеру үшін қабілетті жетілдіру екендігін атап өтті. Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., Г.Д. Тажбенова қуаттың жаңартылып отыратын көздерін қолдану еліміздің бәсекеге жарамдылығын арттыратындығын және Жолдауда негізгі бағыт кіші бізнесті қаржыландыру екендігін айтты. Еуразия гуманитарлық институты колледжінің директоры А.Д. Аширбекова өз сөзінде Жолдаудың жетінші міндетін айқындады және техникалық, кәсіби білім беру Қазақстанда мамандықтардың біліктілігімен жаңартылады, сонымен бірге Жолдау аясында ЕАГИ колледжі қайта оқу бойынша табысты жұмыс істейтіндігін, оқудың кредиттік-модульдік бағдарламасына көшуді қамтамасыз ететінін айтады. ЖІК төрағасы Н.Т. Тырнахан өз сөзінде Жолдауда басты назар жастарға, нақтылы жобаларға, тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етуге аударылғанын айтады. Келешек ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білім берудің қолжетімді болуын кеңейту, білім берудің сапасын арттыру Қазақстанның ары қарай дамуының кепілі болып табылатындығына тоқталады.
Жолдаудың негізгі мәселелерін талқылауға ЕАГИ студенттерінің өкілдері (Гүьнар Жүргімбекова мен Айдана Бейсембенова сынды студенттер)
қатысты. Олар қазақстандықтардың келешегі – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру екендігін айтты.
Ректор А.Қ. Құсайынов талқылаудың қорытындысын жасап, Президент Жолдауын орындау институттың оқу үдерісіне енгізілетіндігін және ЕАГИ-дің профессорлық-оқытушылық құрамы оны жүзеге асыру үшін қажетті күш жұмсайтындығын ерекше атап өтті.