Педагогика каферасының оқытушылар «Халықаралық білім беру-2018 көрмесіне» белсене қатысты
20-21 қаңтар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұйымдастырған «Халықаралық білім беру-2018 көрмесіне» педагогика каферасының оқытушылары да белсене қатысты.
Көрменің ашылуында ҚР білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев мырза бүгінгі күндегі халықаралық білім берудің өзекті мәселелерін жеткізді. Сондай- көрме қонақтары Француз елшісі Ф.Мартинэ, Венгрия елшісі А.Барани, Германия елшісі Р.Мафаэль мырзалар да көрменің ашылуымен құттықтап, өз тілектерін білдірді.
Кафедра оқытушылары А.Оқай, А.С.Муликова және Н.Ж. Болатбекова «Еуропа кеңістігінде жоғары білімді қалыптастырудың негізгі құралы – қос дипломды бағдарлама» және «ЖОО оқытудың белсенді әдістемелері» тақырыбындағы интерактивті тренингтерге қатысып, сертификаттар иеленді.