Асанова Камшат

Асанова Камшат («Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы, 3-курс студенті): Академиялық ұтқырлық бойынша Ресейдің Омбы қаласындағы мемлекеттік педагогикалық университетінде 2016-2017 оқу жылының екінші семестрінде білім алдым. Тарихи қала Омбыны көру, беделді жоғары оқу орындарының бірінде білім алу – мен үшін мақтаныш. Ресейдің кез келген қаласында оқып, білім алу – менің бала кезімнен бергі армандарымның бірі еді… Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті биыл 85 жылдығын тойлауға дайындалып жатқан тарихы тереңде жатқан фундаменталды білім беретін жоғары оқу орны. Өзге елден: Италиядан, Франциядан, Чехиядан, Африкадан, Қытайдан, Түркменстан мен Өзбекстаннан келген студенттермен тіл табысу барысында ағылшын тілі мен қытай тілінен жақсы практикалық орта таптым деп ойлаймын. Мен үшін академиялық ұтқырлық бойынша білім алу – мүмкіндікті дұрыс пайдалана білу, білім кеңістігін кеңейту.