«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шара
2018 жылдың 23 ақпанында Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында елімізге белгілі ғалымдар, тіл жанашырлары өздерінің өткір, өзекті ойларын ортаға салды. Аталған шараға ЕАГИ-дің Академиялық мәселелер және аккредиттеу департаментінің директоры, профессор С.Б. Загатова қатысты.