СӘКЕН ТАҒЫЛЫМЫ
Үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде Астана қаласының Білім басқармасының № 42 орта мектебінде «СӘКЕН ТАҒЫЛЫМЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин мұражайының қызметкері Мұқият Қойшыбайұлы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты Нұрбол Бәшіров және мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Аталмыш шараға институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Әлімбаев Аслан Есімханұлы қатысып. «Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылғы» тақырыбында баяндама жасады.