«Жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер»

Еуразия гуманитарлық институты жанындағы «ЕАГИ-Білім» орталығы 2018 жылдың 23 сәуірінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткiздi.

2018 жылғы 23 сәуірдегі Еуразия гуманитарлық институты жанындағы «ЕАГИ-Білім» орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы республикалық онлайн-семинардың бағдарламасы

Модератор – Ахметов Қадыр Әбілжанұлы, Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор.

Семинарға келесі жоғары оқу орындары мен ұйымдарынан қатысушылар тіркелді:

  1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  2. Астана қаласындағы Хайлибери мектебі (Haileybury Astana school);
  3. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы;
  4. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті;
  5. Қазақ-орыс халықаралық университеті (Ақтөбе қаласы);
  6. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті;
  7. Қостанай мемлекеттік университеті;
  8. Астана, Павлодар мен Шымкент қалаларының орта мектептері мен мектеп-лицейі;
  9. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агоротехникалық униыерситеті;
  10. С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті;
  11. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеттің Қазақстандық филиалы;

Баяндамашылар:

р/с Аты-жөні Баяндама тақырыбы
1 Байтанасова Қарлығаш Медетовна, ф.ғ.к., доцент Көркем мәтінді талдаудың филологиялық негізі
2 Оспанова Ақбота Сайлауовна, доцент кафедры экономических и математических дисциплин Оценка знаний студентов в рамках обновленного содержания образования
3 Тұрысбек Рақымжан Сағымбекұлы, ф.ғ.д., профессор «Мәңгілік Елдің» мұраттары: білім-ғылымның жаңашылдығы мен сабақтастығы
4 Шадиева Нұргүл Хамзаханқызы, п.ғ.к., доцент Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы қазақ тілі пәнінің ерекшелігі
5 Идрисов Қабдеш Зулович, з.ғ.к., профессор «Қазақстан  Республикасы мемлекет және құқық  тарихы» курсын оқыту тәжірибесінен
6 Дауренбекова Лаура Ноғайбекқызы, ф.ғ.к., доцент Оқушыны ғылыми жұмысқа бейімдеу жолдары
7 Дьяченко Ольга Вячеславовна, старший преподаватель Современные требования к уроку иностранного языка

Онлайн-семинарға қатысушылардың тізімі