Тәуелсіздік таңында
2018 жылдың 24 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтының басшылығы, профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттері Қазақстан Республикасы президенттігі институтын құру күніне орайластырылған «Тәуелсіздік таңында» экспозицисының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. «Тәуелсіздік таңында» экспозициясы Астана қаласында Елбасы бірінші резиденциясының тарихи мекемесінде орналасты. Бұл қабырғада жаңа астананың тарихы жазылған болатын, оның 20 жылдығын Қазақстан халқы биыл атап өтпек.