ЕАГИ-де білім күніне арналған митинг өтті

2018 жылдың 1 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында білім күніне арналған митинг өтті. Институттың ректоры, академик А.Қ. Құсайынов барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады және 2018-2019 оқу жылына арналған ҚР Президентінің атаулы стипендияларын тағайындау туралы Ғылыми кеңестің шешімімен студенттерді таныстырды. Қ.Р. Президентінің стипендияларының иегерлері: «Педагогика және психология» мамандығының күндізгі оқу бөлімінің 4-курс студенті А.Весельская, «Тарих» мамандығының студенті А.Демесинова, «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті М.Есинбекова, «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенті Н.Рахматуллин және «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенті Н.Әбдіраман.

Институт ректоры 2017-2018 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша келесі номинацияларға дипломдар табыстады: «Үздік куратор» – О.В.Дьяченко, А.Е.Алимбаев, Г.Ә.Қанафина; «Үздік куратор тобы» – ПМНО-15-01; «Үздік студент» – Н.Рахматуллин, Қ.Медетбеков, А.Бөрібай, А.Ақбаев, А.Дәуіт; «Кафедраның жастар ісі жөніндегі комитетінің үздік төрағасы» – педагогика кафедрасы ЖІК-тің төрағасы В.Снегурская; заң пәндер кафедрасының ЖІК-тің төрағасы Д.Анапьянова.

Сонымен қатар ректордың білім грантының иегерлері Ж.Абдибекова (ақысыз білім алу гранты), А.Мухамедьянова (50% жеңілдікпен білім алу), Д.Ордабай (25% жеңілдікпен білім алу), Ж. Дамирова (10% жеңілдікпен білім алу) марапатталды

Институт ректоры академик А.Қ. Құсайынов институттың келесі оқытушылары мен қызметкерлеріне С.Б.Загатоваға, Н.Я.Плотниковаға, Г.Ү.Ареноваға, Н.С.Нечипоренко, С.Д.Кохович, А.С.Абельдиноваға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарын, М.Ы.Жүкібай, А.Т.Оспановаға, Н.Т.Нығымановаға, Ж.Қ.Ахметоваға, А.Г.Қожахметоваға алғыс хаттар табыстады.

Институттағы дәстүр бойынша оқытушылар мен студенттер үшін ЕАГИ Жастар ісі жөніндегі комитеті музыкалық құттықтау ұйымдастырды.