ЕАГИ студенттері Ұлттық мұражайда

Рухани-адамгершілік тәрбие беру бойынша іс-шаралар аясында ИЯ-16-02 тобының студенттері кураторлары шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы О.В.Дьяченкомен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында өткен «Третьяков галереясының топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» атты көрмесіне барды. Экспозиция барлық ХХ ғасырды: 1900 жылдан 1980 жылға дейін қамтиды. Студенттер Константин Коровин, Игорь Грабарь, Михаил Нестеров, Абрам Архипов, Константин Юон, Петр Кончаловский, Илья Машков, Аристарх Лентулов, Роберт Фальк, Павел Кузнецов, Георгий Нисский сынды шеберлердің туындыларымен танысты.