Burabike 2018
2018 жылдың 30 тамызында педагогика кафедрасының оқытушылары, магистрлер А.Т. Аязбаева мен С.М. Омарова Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қорымен бірлесе отырып Rixos Borovoe мейманханасы ұйымдастырған «Burabike 2018» VI Қайырымдылық велосипед жарысына қатысты.
Велосипед жарысының ұраны: «Біздің жанымыздан өтіп кетпеңіздер! Балалардың дендері сау болып өсулеріне көмектесейік».