Жақсы бастама – істің жартысы
1 қыркүйек күні көптеген студенттер Еуразия гуманитарлық институтының табалдырығын бірінші рет аттады. Бірінші курс студенттері үшін Білім күні салтанатты жиын өтті. «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» мамандығы студенттерінің бірінші аптасы қызықты танысуға, презентацияларға толы болды. Эдвайзерлер мен кураторлар кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктерімен, «Платонус» автоматтандырылған бағдарламасымен танысты, институт кітапханасының залдарына барды. Білім күніне, ЕАГИ студентінің Ар кодексімен танысуға, Қазақстан Республикасының Конституция күніне, ЖОО ішкі тәртібімен танысуға арналған кураторлық сағаттар өткізілді.
ПДС-18-01 тобының студенттері кураторы Б.А. Сиреновамен бірге «Көрме» павильонында әртүрлі тақырыптық экспозицияларды тамашалады. ПДК-18-02 тобының студенттері кураторлары А.А.Султанованың жетекшілігімен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де құрылған «Americancorner» Америка бұрышымен танысты және американдық фильм көрді. ПДК-18-01, ИЯ-18-02, ПД-18-01 тобының студенттері кураторлары М.С.Оштанова, Л.В. Коваленко және Д.Б.Байжұмановамен бірге Ұлттық мұражайға барып Пабло Пикассоның сирек туындыларымен танысты. ИЯ-18-01 тобының студенттері үшін кураторлары Л.В. Коваленко Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайына және футбол матчына баруды ұйымдастырды. ИЯС-18-01 және ИЯСК-18-01 тобының студенттері елорданың мерейтойына байланысты әкелінген Третьяков галереясының 50 үздік туындысын көре алды.
Барлық осы оқиғалар бірінші курс студенттерінің ұйымшыл болуларына ықпал етіп, оқу жылы бойы белсенділік танытуға күш-қуатпен қамтамасыз етті.