ЕАГИ жалпы қалалық сенбілікке қатысты
2018 жылдың 22 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтының әкімшілігі, профессорлар-оқытушылар құрамы «Астана – таза және қауіпсіз қала» атты жалпы қалалық акция аясындағы жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Сенбілік кезінде тұрғын үйлер ғимараттарының, ұйымдар мен кәсіпорындардың, парктердің, жаяужолдардың, ішкі аулалар мен кварталдардың аумақтарын, көшелерін, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Институт сенбілікті ұйымдастыру үшін қажетті еңбек құрал-саймандарын дайындады. ЕАГИ туған қаламыздың көркін жақсарту және тәртіп орнату үшін белсенділік танытып, барынша күш салды.