Тіл үйретудегі жаңа импульс
2018 жылдың 28 қыркүйегінде Назарбаев Университетінде ЖОО, министрліктер, ведомстволық бағынышты ұйымдардың және ҒӨБ (ғылыми-өндірістік бірлестіктер) өкілдері қатысуымен конференция өтті. Конференцияның мақсаты – халықаралық тестер туралы ұғымды кеңейту, серіктестіктің табысты ғаламдық тақырыптық зерттеулерімен және мүмкіншіліктермен таныстыру. Шара аясында қатысушылар тілдік үйретумен және халықаралық тестілеуді іске асырумен байланысты өз тәжірибесі мен ойларын алмасуға мүмкіндік алды.
Ашылу салтанатында конференция қатысушыларын Назарбаев Университетінің студент істері мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті К.Н. Даирова және аймақтық аға менеджер Anna Gutkowska-Zajac құттықтады.
Ағылшын тілін игеріп алу мүмкіндіктері және Қазақстанда сертификаттау, бағалау жүйелері, ETS Globalмен ынтымақтастықтың үлгілері мен артықшылықтары туралы тақырыптық баяндамалармен Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің аға эксперті С.А. Ибраева, аймақтық менеджер Anna Gutkowska-Zajac, өнімдер мен педагогика бойынша аға эксперт Daniela Muresan және тағы басқалары сөз сөйледі.
Конференцияға Еуразия гуманитарлық институты шетел тілдері кафедрасының қызығушылық танытқан және осындай кездесулер мен талқылаулар алдағы уақытта табысты жұмыс үшін қажетті болатынын және елде тілдік білім беруді дамытуға жаңа импульс беретінін айтқан оқытушылары қатысты.