Құттықтаймыз

Ақпарат және коммуникация министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы орталық коммуникация қызметі жыл сайын мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметіне арналған конкурс өткізеді. Осы жылы «Үздік қоғамдық үкіметтік емес ұйым» номинациясын жетекшісі Еуразия гуманитарлық институтының (мамандығы – «Шетел тілі: екі шетел тілі») түлегі Берлібай Ақерке болып табылатын Тұңғыш Президент қорының баспасөз қызметі жеңіп алды.

Студенттік кезде белсенді болған, шетел тілі кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарған және Жастар ісі жөніндегі комитетті басқарған Ақеркені ЕАГИ-дің педагогикалық ұжымы құттықтайды. Біздің түлегімізді мақтан етеміз және оған келешекте табыстар тілейміз!