Болашақ мамандық
Астанада қыркүйектің соңғы күндері «Қазмедиа орталығы» концерт залында Astana Media Week екінші жыл сайынғы медиа апталығы аясында «Болашақ мамандық» форумы өтті. Форумға ИЯК-17-01 тобының студенттері және топ кураторы, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі А.Н. Ерғалиева қатысты. Студенттер бұл іс-шараға үлкен қызығушылық танытты, өздері таңдаған мамандықтары қазіргі таңда өзекті екендігіне және келешекте де қажетті болатындығына көздері жетті.