Дөңгелек үстел
2018 жылдың 11 қазанында 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (ПМНО-17-01 тобы) мамандығының екінші курс студенттері «Дидактика» пәнінің аясында «Оқудың біртұтас үдерісінде бастауыш мектеп оқушысының танымдық әрекеті ретіндегі оқу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нақыпбекова Раиса Үбітайқызы ұйымдастырды және өткізді. Болашақ педагогтер баяндама оқып, дөңгелек үстел форматында белгіленген тақырып бойынша маңызды мәселелерді және жаңа материалды меңгере отырып талқылады.