ЕАГИ Ұстаздар күнін атап өтті

2018 жылдың 5 қазанында Еуразия гуманитарлық институтында ұстаздар күніне арналған дәстүрлі мерекелік концерт өтті. Осы күні студенттер құрметті ұстаздарын іс-шара алдында салтанатты түрде қарсы алып, көп жақсы сөздер айтты. Мерекелік концерттің ашылуында оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті. Мерекені ұйымдастырушылар мен қатысушылар Ұстаздар күніне орай педагогтерді өздерінің шығармашылық нөмірлерін сыйлап, жылы және шынайы тілектерін жолдап, ұмытылмас мереке сыйлады.