«Білім беру ұйымдарында техникалық шығармашылықты дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» курсы
2018 жылдың 1-9 қазанында Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өтті. Елде сандық білім беруді дамытуға бағытталған «Білім беру ұйымдарында техникалық шығармашылықты дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» атты курсты психология ғылымдарының докторы, профессор Изакова Айжан Теңдікқызы және әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы Мүлікова Айгүл Серікқызы сынды педагогика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.