«Институционалдық зерттеулер мен мәліметтерді визуалдау: теориялық және практикалық аспектілер» семинары
2018 жылдың 19 қазанында Назарбаев Университетінде өткен «Институционалдық зерттеулер мен мәліметтерді визуалдау: теориялық және практикалық аспектілер» семинарына ЕАГИ білім беру үдерісі сапасының мониторингі бөлімінің бастығы Б.Т. Байльденов қатысты. Семинарда жоғарғы оқу орындары дамуының стратегиялық бағыттарын анықтау мәселелерінде институционалдық зерттеулердің өзектілігі, институционалдық зерттеулер өрісінде компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды практикада қолдану, сонымен қатар институционалдық зерттеулердің мақсаты, міндеттері және құрылымы талқыланды.