Ұлттық валюта теңгенің 25 жылдығы
15 қараша біздің еліміздің өткені, қазіргі таңы және болашағын бейнелейтін Қазақстан валютасы теңгенің туган күні болып табылады. Бұл жылы республика тәуелсіз мемлекеттің валютасы ретінде танылған ұлттық валютаның 25 жылдығын тойлаумен ерекшеленеді. Жалпы өткен 25 жылда қаржы саласында көптеген реформа жүргізілді, ақша-несие саясаты және қаржылық институттарды бақылауын реттеу бойынша Ұлттық Банк қызметі жетілдірілді.
Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы да болашақ қаржы құрылымының қызметкерлері студенттермен осы маңызды шараны атар өтті. «Қаржыгер» студенттердің ғылыми клубының мүшелері ЕҰУ және ҚазЭҚжХСУ студенттерінің қатысуымен зияткерлік ойын ұйымдастырды. Ойынға қатысушылар ұлттық валютаның эволюциясы туралы білімдерін, шығармашылықтарын және зеректілігін көрсетті. Барлық командалар «Болашақ қаржы министрі» қызықты презентациясын ұсынып, команда капитандарының байқауына қатысты, экономикалық мазмұндағы есептер шығарып, тест тапсырмаларын тапсырды. Жанкүйерлер ойынға қатысушыларды белсенді түрде қолдап, сұрақ –жауаптарға тапқырлықпен жауап беріп отырды.
Ойын нәтижесі бойынша 1 дәрежелі дипломмен ойын тапсырмаларына шығармашылық тәсілдемелерін көрсете білген ҚазЭҚжХСУ студенттері марапатталды. Барлық қатысушы командалар естелік сыйлықтармен марапатталды.